jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Басқа тақырып жоқ па?": Алмат Сақатов наймандарды мазақ қылғандарды орнына қойды

    : Instagram

    Отандық танымал актер Алмат Сақатов наймандарды мазақ қылған көпшілікті аяусыз сынап тастады. Өнер иесі орта жүз руын кемсітуді әдетке айналдырған тележоба сценаристерін орнына қойып, оларға бұл ісін доғаруды талап етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Алмат Сақатов наймандарды әбден күлкі еткендердің қылығына шүйлігіп, оларға арнайы видео үндеу түсірген. Ашуға булыққан актердің бейнежазбасы оның Instagram парақшасында жарияланған.

    Онда көлік ішінде отырған өнер иесінің наймандарды мазақ қылып, оларға қатысты әзілдерді әртістердің аузына салып беретін сценаристерді сынға алған. Сақатов шоу-бизнес саласындағы мамандарға орта жүздің аса мықты бір руын бұлайша қорлай беруге болмайтынын ескертті.

    "Құрметті менің әріптестерім, әртістер және сол әртістердің аузына сөз салып беретін сценаристер, мына найман сендерге не істеді? Әкеңді өлтірді ме? Әлде қызыңды зорлады ма? Ошағыңды ортасына түсірді ме? Найманнан басқа сендерде тақырып жоқ па не?
    Кеше мен теледидардан көрдім, екі полицей бір баланы ұстап алып, "Бұны жазаламаймыз. Оны онсызда жаратушы жазалады. Ол найман қызға үйленген" дейді. Не сөз мынау? Шамаң келсе мазақта, әлімді, қоңыратты, сунақ пен қожаны неге мазақтамайсыңдар? Мына жақта албан менен суан бар. Соларды неге мазақтамайсыңдар?
    Батыстағы адайды неге мазақтамайсыңдар. Айтып көріңдер адай туралы. Сосын, бес бала есік алдыңа пышақпен келіп тұрады. Есі кеткен бала шешесінің етегін көтеріп ойнайды. Шамаларың жетсе, шапыраштыны айтпайсыңдар ма? Айтыңдар. Неғып айтпайсыңдар? Найман деген Қабанбай батыр, басқасын айтпай-ақ қояйын" , - деді ашуға мінген актер.

    Айта кетейік, бұған дейін Сағынтаевтың "Найман бауырсағынан" дәм татқанын жазған болатынбыз.

    Оған қоса, сыраға рулардың атын жазғандар ел ашуына тиген еді. Желідегілердің басым көпшілігі бұл жайтқа қатысты наразылық білдірген.

    "Басқа тақырып жоқ па?": Алмат Сақатов наймандарды мазақ қылғандарды орнына қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.