jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Сот соңын күтейік": Асхат Садырбай өзіне жасалып жатқан құйтырқы әрекеттер туралы айтты

    : Instagram

    Отандық танымал журналист Асхат Садырбай желіде өзіне қатысты таралып жатқан жалған ақпараттар легін жоққа шығарды. БАҚ өкілі өз атына арнайы тапсырыспен құйтырқы әрекеттер жасалып, негізсіз айыптаулар тағылып жатқанын мәлімдеді. Ол өзінің абыройына нұқсан келтірген әрбір адамның заң жүзінде жауап беретінін ескертті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Instagram/askhatsadyrbay. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: Instagram/askhatsadyrbay. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Асхат Садырбай Instagram желісінде азулы жазба жариялап, көпшілікке мәселенің ақ-қарасын нақты білмей жатып, шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауға шақырды.

    Ол әзірге отбасында орын алған мәселені толықтай жария етпейтінін жеткізді.

    Алайда, журналист өзін сынап жатқан жұртшылыққа алдағы уақытта олар бәрін түсінетінін хабарлады.

    "Құрметтілерім! Соңғы уақытта менің атыма тапсырыспен жасалып жатқан құйтыртқы әрекеттерге, айтылып жатқан жалған ақпараттар мен негізсіз айыптауларға мән бермеңіздер!

    Құдай сақтасын! Ол әңгімелердің ешқайсысы шындыққа жанаспайды. Бәріміз үмітпен ұрпақ өсіріп отырмыз. Соттың соңын күтейік.

    Менің атыма тіл тигізіп, абыройыма нұсқан келітіріп жатқан жандарға артық сөздер үшін заң алдында жауап беретіндеріңізді ескертемін! Уақыты келгенде бәрін түсінесіздер. Алла жар болсын баршамызға! Тілектеріңізге рахмет! Қандай жағдай болмасын ардан аттамай, адам боп қалайық! Амандық болсын" , - деп жазды журналист.

    Айта кетейік, бұған дейін Асхат Садырбай жанұясына қатысты шулы жаңалыққа жауап берген болатын. Ол екінші жарымен айырылысып кеткенін мәлімдеп, өзара бала мәселесін шеше алмай жатқанын айтып қалды.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    "Сот соңын күтейік": Асхат Садырбай өзіне жасалып жатқан құйтырқы әрекеттер туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.