jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "Қанау ғой": Белгілі журналист COVID-19 тестінің ақылы болуына қарсы шықты

    : Instagram

    Белгілі журналист Мариям Абсаттар Covid-19 вирусын анықтайтын тестті ақылы етіп қойған билік өкілдеріне реніш білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

    Көрнекі фото: NUR.KZ
    Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos

    Бұл туралы төртінші билік өкілі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

    "Коронавирус төңірегінде қаншама әділетсіздіктер болып жатыр? Мысалы бүгін кластасым ұжым боп тест тапсырдық дейді. Ақылы ма десем, әрине дейді.

    Бағасы 9 мың теңгеге жуық. Өз қалталарынан төлеген. Және оның күші 10-ақ күнге жетеді екен. Оны тапсырмаса, жұмыс істетпейді. Ал, ауру симптомдары барлар 19 мыңға тапсырады екен.

    Енді өзіңіз ойлай беріңіз, тесттің күші 10-ақ күнге жараса, бір айда 3 рет, сонда айлықтың 27 мыңын тестке жұмсау үшін жалақы қанша болуы керек? Бұл деген халықты қып-қызыл қанау ғой?

    Онсызда халық титықтап отыр. Көшеге шығуға қорқып қалдық. Стресспен жұмысқа барып-қайтады. Қай жерде, кімнен жұғып кетеді екен деп.

    Неге тегін қылып қоймайды сол тестілерді? Қайда бөлінген миллиардтар? Сонда бұл не болды өзі?" - деп ашынды Мариям Абсаттар.
    Көрнекі фото: NUR.KZ
    Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

    Еске сала кетсек, осыған дейін Италия, Германия, Франция және Нидерланды британиялық дәрі шығаратын AstraZeneca Plc компаниясымен коронавирусқа қарсы екпені жеткізу жөнінде келісімшартқа отырғаны жазған болатынбыз. Алғашқы жеткізілімнің 2020 жылдың соңына дейін жасалатыны белгілі болды.

    "Қанау ғой": Белгілі журналист COVID-19 тестінің ақылы болуына қарсы шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.