jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Тойды ұйымдастырған мен емес": Марат Омаров қызының ұзатуына қатысты жауап берді

    Марат Омаров
    Фото: Видеодан кадр

    Танымал әнші әрі композитор Марат Омаров әлеуметтік желіде тарап кеткен қызының ұзатуындағы видеожазбаларға қатысты жауап берді. Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнер иесінің тойды ұйымдастырғанын мәлімдесе де, ол тойға бірер минутқа ғана кіріп шыққанын айтып отыр.

    Марат Омаров Sputnik Қазақстан тілшісіне видеоны монтаж деп, тойдың ұйымдастырушысы өзі емес екенін айтты.

    Композитордың айтуынша, той Шымкентте 10 сәуірде күндізгі уақытта өтті. Әнші анасының жылдық асынан кейін қызының өтінішін жерге қалдырмай, бата беру үшін барған.

    "Тойды ұйымдастырған мен емес. Видеодағы қызым ғой. Мен бата бердім. Қазір өз отбасым бар. Қызымның анасымен ажырасып кеткенбіз. Оның да өз отбасы бар. Тойды ұйымдастырған Зүлфияның анасы, отбасы. Әкелік парызым деп, екі минутқа кіріп шықтым. Бата беру қанымызда бар. Ән де айтқан жоқпын, бата беріп, кіріп шықтым ", - деді Марат Омаров.

    Сонымен бірге әнші мамандардың жалған ақпарат таратқандарды іздеп жатқанын айтты.

    Айта кетейік, ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші, композитор Марат Омаров үш рет үйленген. Зарина, Мәдина, Азамат Омаровтар алғашқы некеден дүниеге келген. Екінші некеден Зүлфия есімді қызы бар.

    Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Марат Омаровтың Шымкент қаласында қызының ұзатуын өткізгені туралы ақпарат тараған болатын. Әлеуметтік желілерде дүбірлі той кезіндегі видеолар жарияланып, елдің қызу талқысына түсті.

    Шымкенттің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті шу тудырған бейнежазбаларға қатысты пікір білдірді. Ведомство мерекелік шараның ұйымдастырушысы Марат Омаров пен мейрамхана иесі екенін мәлімдеді.

    "Тойды ұйымдастырған мен емес": Марат Омаров қызының ұзатуына қатысты жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.