jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Самал Еслямова Ресейде тағы да үздіктер қатарынан табылды

    Фото
    Фото: NUR.KZ

    Қазақстандық актриса Самал Еслямова Ресейде өткен кино өнері бәйгесінде тағы да үздіктер қатарынан табылды. Ол "Ника" ұлттық кинематография премиясы ұсынысы бойынша, 2019 жылдың үздік актрисасы болып танылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ tass.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

    Ресейлік басылымның мәліметінше, қазақстандық актриса 2019 жылы шыққан "Айка" кинотуындысындағы үздік әйел ролі үшін аталған премияға лайық деп табылған. Сонымен бірге мұндай жүлдені "Дылда" кинокартинасы үшін Виктория Мирошниченко да иеленген.

    Ал 2020 жылдың үздік актрисалары номинациясы "Дорогие товарищи" кинотуындысы үшін Юлия Высоцкая мен "Доктор Лиза" кинотуындысы үшін Чулпан Хаматоваға берілген.

    Сол сияқты 2019 жылдың екінші пландағы әйел ролі номинациясы Андрей Смирновтың "Француз" фильміндегі ролі үшін Наталья Теняковаға берілді. 2020 жылдың дәл осындай номинациясы "Доктор Лиза" фильміндегі ролі үшін Оксана Карасқа табысталды.

    2019 жылдың үздік актері ретінде "Одесса" фильмі үшін Леонид Ярмольник танылды. Ал 2020 жылдың үздік актері Александр Паль болды. Ол бұл номинацияны "Глубже!" фильмі үшін алды. 2019 жылдың екінші планындағы ең үздік ерлер ролі "Француз" кинотуындысы үшін Александр Балуевқа берілді.

    Естеріңізде болса Самал Еслямова 2018 жылы Канн кинофестивалінде үздік актриса атағын жеңіп алған еді.

    "Ника" – ресейлік кинематографиялық премия болып табылады. Ол жыл сайын, сол жылы көрермен көңілінен шыққан, үздік фильмдерге беріледі.

    Самал Еслямова Ресейде тағы да үздіктер қатарынан табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.