jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Мен сияқтылар миллион": Алматыда той көйлегін киген ару пикетке шығып жанайқайын айтты (видео)

    Қыз
    Фото: Instagram/sabina_sanber

    Алматылық бойжеткен "Тұрмысқа шығу керек" деген жазуы бар плакатпен бір адамдық пикетке шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Алматылық Сабина Санбер қолына плакат ұстап, жұрт алдына шығуының себебін түсіндірді.

    "Тұрмыс құру керек дейді. Не үшін? Шынымды айтсам, қазір бұл көпшілік үшін үлкен мәселе. Адамдар үйлену керек болғандықтан ғана шаңырақ көтереді. Қыз 25 жастан асып, әлі тұрмыс құрмаса, қоғам оның "отырып қалғанын", енді ешкім тұрмысқа шығуға ұсыныс жасамайтынын айтып, қысым жасайды. Бұл маған ұнамайды.

    Менің жасымды естіген кез келген адам әлі тұрмысқа шықпағаныма таң қалады. Одан кейін "уақыт келді" деген әңгімелер басталады. Бұл сурет арқылы әлеуметтік стандарттарды мазақ еткім келеді, өйткені тұрмысқа шығудың нақты белгіленген уақыты жоқ. Отбасын сіз дайын болған кезде және сүйікті адамыңызды жолықтарған уақытта құру керек" , - дейді ол.

    Сабина жасының нәбәрі 26-да екенін, көрікті, жеке кәсібі барын, ал мінезі анау айтқан шатақ емес екенін де атап өтті.

    "Мен сияқтылар миллион. Әрбір ару өз адамын кезіктіргенде міндетті түрде тұрмысқа шығады. Тұрмысқа шығуды міндеттеп, бірінші кездескен адаммен отбасын құруға итермелеудің қажеті жоқ. Күннен-күнге елімізде ажырасқан адамдар саны артуда. Балалар толық емес отбасында өсуде. Бұны дұрыс деп ойлайсыз ба? Сондықтан өтінем, бұлай талқылауды доғарыңыздар. Тұрмысқа шығу керек болғандықтан емес, махаббатыңызды жолықтырған кезде шығыңыз", – дейді Сабина Санбер.

    "Мен сияқтылар миллион": Алматыда той көйлегін киген ару пикетке шығып жанайқайын айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.