jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Соңғы жылдары ғана сырласа бастадық": Ләйлә Сұлтанқызы анасымен арақатынасы туралы айтты

    Ләйлә Сұлтанқызы анасымен
    Фото: Instagram/sultankyzy

    Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде жан сырын ақтарып, анасымен арақтынасына қатысты бар шындықты айтты. Ақпарат өкілі анасымен тек соңғы жылдары ғана сырласа бастағанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ләйлә Сұлтанқызы бала кезінде тыйымы көп ортада өскенін жасырмады. Тележүргізушінің сөзінше, анасы оған кішкентайынан "ұятты" айтып өсірген.

    Ақпарат өкілі жастық кезеңінде анасына аса қатты ашыла алмаған. Ол тек 44 жасқа келген шағында ғана анасымен сырласа бастағанын мойындады.

    "Ана мен бала. Осы жасыма келіп (18-не 44-ке толам) бір нәрсені мойындағым келеді. Мамам екеуміз соңғы жылдары ғана сырласа бастадық. Мен проблемамды айтуға ұялмайтын болдым. Қолдағанын, көмектескенін қалайтынымды айта алам. Шүкір. Мен тыйымы көп ортада өстім. Қысқа киюге, шаш кесуге, тырнақ бояп, помада жағуға, ұл баладан сыйлық алуға, мектепте ерекшеленуге болмайды, ұят.
    Үйде бәрін тік тұрғызып, сапқа қоятын қатал әже мен үйдің тірлігінен көз ашпайтын ана. Менің өтпелі кезеңде қалыптасып, өсіп келе жатқанда көрген картинам осы. Әйелдің еркін сөйлеп, пікірінің дұрыс екенін дәлелдеуге құқығы болмады. Оны бәрі келіннің инабаттылығы мен ибалығы деп қабылданды.Құрбыларымен қыдыруы туралы мүлдем айтпай-ақ қояйын.
    Мамам кішкентайымнан барлық ұятты айтып өсірді. Жар таңдау тақырыбында ғана былай дейтін: Күйеуге тисең, отымен кіріп, күлімен шық, проблемаңды айтпа. Бәріне қызмет ет. Еті сенікі,сүйегі менікі. Дұрыс жүр, дұрыс күл, дұрыс киін. Қысқасы, не істесең де ұят болады. Осы болмайды мен ұят адамның іштей қарсылығын өсіре береді емес пе. Көп қиындық өтті ғой бастан, тізбектеп жазғым келмейді.
    Бір айтпағым, қыз деген өрісің, оның жаны нәзік, қатты қысымға шыдай алатыны, шыдай алмайтыны бар. Қазір кибербуллинг деген бәле пайда болды. Ана қызын естісе,қызы анасынан қорықпай проблемасын айта алса, көп қиындықтың алдын алуға болады. Әрине, барлық нәрседе баланс болу керек", - деп жазды Сұлтанқызы Instagram парақшасында.

    "Соңғы жылдары ғана сырласа бастадық": Ләйлә Сұлтанқызы анасымен арақатынасы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.