jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Мына заман қай заман?": Сиырымен бірге қымбатшылық туралы "ән салған" келіншек желіні жарды (видео)

    Әнші келіншек
    Видеодан кадр: Instagram/shyndykz

    Әлеуметтік желіде сиырымен бірге Қазақстандағы қымбатшылық туралы "ән салған" келіншектің видеосы тарап, көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Видео Instagram желісіндегі shyndykz тобында жарияланды.

    Кадрдан "Мына заман қай заман? Ұн мен қантты қымбаттатқан. Өзімізден шығатын, өнімдер ғой қымбаттаған", - деп әндеткен келіншекті көруге болады. Роликте әннің арасында сиырдың мөңіреген дауысы естіледі.

    Видео аз ғана уақыттың ішінде 100 мыңға жуық қаралым, 5 мыңнан астам "лайк" жинаған. Сонымен қатар көптің талқысына түскен роликтің астында 500-ден астам пікір жазылды.

    Оқырмандардың басым бөлігі ән арқылы қоғамдағы өзекті мәселенің көтерілгенін, сиыр мен келіншектің арасындағы дуеттің сәтті шыққанын сөз еткен.

    "Жарайсыз", "Сиырды "сөйлеткенің" күшті болды", "Мына дуэт от екен", "Керемет", "Қымбатшылықты сиырдың өзі сезініп жатыр", "Дуэт көңілімнен шықты", "Қымбатшылық екен деп сиырыңызды сойып қойып жүрмесеңіз болды", "Қоғамдағы шындықты жақсы жеткізді", "Не деген ақылды сиыр", "Көңілімді көтеріп тастадыңыз. Рақмет сізге", - деді олар.

    "Мына заман қай заман?": Сиырымен бірге қымбатшылық туралы "ән салған" келіншек желіні жарды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.