jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Мен қорқамын": Жұлдыз Әбдікәрімова еліміздегі пәтер бағасының күрт көтерілуіне байланысты пікір білдірді

    Жұлдыз Әбдікәрімова
    Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

    Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова елдегі пәтер мәселесінің күрт көтеріліп кетуіне байланысты пікір білдірді. Қайрат Нұртастың жұбайы Instagram парақшасында елімізге ресейліктердің келуіне байланысты пәтер ақысының бағасын аспандатқан пәтер иелері жайлы сөз етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әбдікәрімова сөмке арқалап, тентіреп жүрген пәтер жалдаушылардың күйіне алаңдайтынын жасырмады.

    "Біз өзі кімге қонақжаймыз?! Кешелі бері әлемжеліде сөмкелерімен далада қалған қазақтар. Туған жерінде тентіреп жүрген қазақты өзге елге барғанда құшақ жая қарсы алып, төрін ұсынар дейсіз бе?! Өз үйінде қадірленбеген қазақты қай ұлт құрметтесін?!

    Біз намысын нанға сатпайтын ел емес пе ек?! Орыс келді деп, қазағыңды қуып, тапқан 5-10 теңгең қай жыртығыңды жамайды дерсің?! Түн ортасында "үйді босат" деп шығарып жіберген отбасының қаяу көңілі - тапқан табысыңызды тамағыңыздан қалай өткізбек?

    Біз кім едік? Қазір кімге айналдық? "Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартады" деген. Қымбатшылық таялғанда етектен алған бөрі болмай, өз қазағыңа қамқорлық көрсететін адамға айналайық. Мен қорқамын… сырттан төнетін қауіп үшін емес, өзімізден. Себебі ішкі бірлік болмағанда еш күш салмай-ақ бағындырып алуға болады...", - деп жазды актриса.

    "Дұрыс мәселені көтеріп отырсыз", "Жалға пәтер беретіндерді түгел тексерсін", "Жығылғанға жұдырық" деп жүрген қазақ өкінішке орай", "Өзім дегеннің өзегі түседі", "Қай уақытта үй иесі келеді, қашан пәтерден қуып шығады деп жанымызды шүберекке түйіп отырмыз", "Адамгершілік, қайырымдылық дегеннің құны көк тиын болып қалды ғой" деп жазды актрисаны қолдаған желі қолданушылары.

    "Мен қорқамын": Жұлдыз Әбдікәрімова еліміздегі пәтер бағасының күрт көтерілуіне байланысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.