jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Мадина Сәдуақасова желіні шулатқан бренд аяқ киімі туралы айтып берді (видео)

    Мадина Сәдуақасова
    Мадина Сәдуақасова. Фото: "Түнгі студия" бағдарламасы

    Отандық әнші Мадина Сәдуақасова "Түнгі студиясына" қонаққа келіп, желіні шулатқан бренд аяқ киімі туралы айтып берді. Ал бағдарлама жүргізушілері әншіге гүлмен көмкерілген галошты сыйға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бағдарлама жүргізушісі Салтанат әншіден "Жақында ғана әлеуметтік желіде сіздің 460 мың теңгеге алған аяқ киіміңіз тарап кетті. Халық арасында "Біздің кәдімгі галош сияқты ғой" деген пікір тарап жатыр. Сондықтан сізге сыйлығымыз бар", - деді.

    Ал әнші бренд аяқ киімін Мәскеуге барған сапарында сатып алған.

    "Ол - галош емес, мюли ғой. Givenchy фирмасыныңкі. Бірақ халық галош деп жатыр. Мен оны соңғы коллекциядан алдым, Givenchy деп жүрмін. Киген кезде ыңғайлы, өте стильді көрінеді. Бірақ халық "Мадина Сәдуақасованыкіндей" деп челлендж жасап, галошпен суретке түсіпті. Негізі ұқсайды, иә", - деді Сәдуақасова.

    Айта кететіні, бағдарлама жүргізушілері студияда әншіге гүлмен көмкерілген галош аяқ киімін сыйға тартты.

    Мадина Сәдуақасова желіні шулатқан бренд аяқ киімі туралы айтып берді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.