jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Қанат Айтбаев отандық кино саласындағы бейәдеп сөздер үшін айыппұл салуды ұсынды

    Димаш Құдайберген, Қанат Айтбаев
    Димаш Құдайберген, Қанат Айтбаев. Фото: instagram.com/kanat_sveta_aitbayevtar

    Күні кеше қоғамдық орындарда бейәдеп сөйлегендерге салынатын айыппұл мөлшері ұлғаятыны жайлы айтылған болатын. Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев та фильмдегі былапыт сөздер үшін айыппұл салуды ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл жайлы Қанат Айтбаев Facebook парақшасында жазды.

    "Кейінгі кезде түсірілген фильмдердің көпшілігінде диалогтар тұнған боқауыз. Youtube- арнасына жүктелген бейәдеп тілді кинолардың қаралымы миллионнан асады. Өкініштісі, бұл "өнімдерге" танымал театр, кино актерлері де түсіп, өскелең ұрпақтың санасын улап, жастарды әдеп пен ибадан қашықтатуға барынша "үлес" қосып жүргенін көріп жүрміз.

    Кино - ең мықты идеологиялық құрал. Фильм арқылы адамның санасын асқақтатып, рухани байытуға да, азғындатып, құлдыратуға да болады. Өте үлкен көлемде айыппұл салып, қатаң жазалауды осы саладан бастау керек", - деп жазды Қанат Айтбаев.

    Естеріңізге сала кетейік, ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Азамат Күрімбаев ведомствода өткен брифингте бұдан былай қоғамдық орындарда бейәдеп сөз айтқан қазақстандықтардың қандай жауапкершілікке тартылатынын айтып берген болатын.

    Қанат Айтбаев отандық кино саласындағы бейәдеп сөздер үшін айыппұл салуды ұсынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.