jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Нұрлан имам TikTok желісіне не үшін келгенін айтты

    Нұрлан имам
    Нұрлан имам. Скриншот: "Қызық премия" бағдарламасы

    Танымал имам, дінтанушы, теолог Нұрлан қажы Асанов әлеуметтік желіге не үшін келгенін түсіндірді. "Қызық live" бағдарламасында "Жылдың үздік блогері" атанған имам өзінің TikTok желісі арқылы танылуы жеңілтектік еместігін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Құрметті, ағайындар! Біздің қазақтың екі ұлы ескегі бар. Сол мемлекетімізді алға сүйреп келе жатқан екі ескектің бірі - дініміз, екіншісі - дәстүріміз. Екеуі бізді өрге жетелеген ұлы нәрсе. Егер біреуін алып, біреуін тастасақ, кеме ешқашан алға жылжымайды.

    TikTok желісіне келуім, жастардың көңіліне Алланың қалауымен жол тапқаным - жеңілтектік емес. Тек жастардың көңілі бұрылсын дегенім. Тек "Өлесің" дей берсе, біздің халық "Өлсек, өлеміз де" деп отыра береді. Жастардың орны TikTok болғаннан кейін, сол жерге мен де кірдім. Жастарымыздың адал, әділ, азамат болып өсуін алға мақсат етіп қойдым", - деді Нұрлан имам.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нұрлан имам жастардың жыныстық өміріне ененің араласпағаны жөн екенін айтқан болатын.

    Сонымен қатар Нұрлан қажы "өзім үшін туып алам" дейтін қыздардың сөзіне қатысты пікір білдірді.

    Нұрлан имам TikTok желісіне не үшін келгенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.