jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Айгүл Қосанова: Дәстүрлі әншілер тек наурыз мерекесінде керек сияқты

    Айгүл Қосанова
    Айгүл Қосанова. Фото: instagram.com/aigulkossanova

    Отандық танымал дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова "Өмір көркем" бағдарламасында қазақы дәстүрді дәріптеу керектігін айтты. Өнер иесі дәстүрлі әншілер тек наурыз мерекесінде еске түсетініне налыды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Дәстүрлі әншілер тек қана наурызда керек сияқты. Қазақтың мерекесінде ғана керек сияқтымыз. Күнделікті өмірде бізді аса қажет етпейтін сияқты. Шәкірттеріммен сөйлесіп отырсам, біреуі "Қазір бәрі шоуды қалайды. Бірақ бәріміз шоуды қуып кетсек, дәстүрімізді ұстайтын адам қалмай қалады" дейді.

    Сондықтан да біздің алдымызда отырған шәкірттеріміз біздің дәстүрлі ән өнерін сақтап отыр. Бұрын біз оқыған уақытта, бір жылда 4-5 бала ғана бітіріп шығатын. Ал қазір жиырма балаға дейін бітіреді. Бірақ жиырма баланың бәріне жұмыс табылмайды. Ол жағынан кішкене қиын болып жатыр.

    Енді "көш жүре түзеледі" дейді ғой. Өз елімізде өз дәстүрімізді дәріптемесек, басқа елде біздің әніміз де жырымыз да керек емес", - деді Айгүл Қосанова.

    Айгүл Қосанова: Дәстүрлі әншілер тек наурыз мерекесінде керек сияқты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.