jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Шіркін, сол сезімді Алла маған тағы бұйыртса екен": Мадина Сәдуақасова жан сырын ақтарды

    Мадина Сәдуақасова
    Мадина Сәдуақасова. Фото: "MOM'sкий әңгіме" бағдарламасы

    Отандық әнші Мадина Сәдуақасова екінші сәбиді дүниеге әкелгісі келетінін айтты. Өнер иесі "MOM'sкий әңгіме" бағдарламасында екінші сәбиін өмірге алып келу үшін қолынан келгенді жасап жатқанын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Босану туралы әйелдер айтып, көрсетіп жатады ғой. Блогерлер бар, басқалар бар, көрсетіп жатқанда, мен түсінбеймін. Босануды қазақтар "ұмытшақ ауру" дейді. Тура солай, баланы көргеннен кейін сен оны ертесіне ұмытып кетесің. Тоғыз жыл өтті, қазір сол туралы айтсақ, "Не болды мынаған" дейді.

    Шіркін, сол сезімдерді Алла маған тағы бұйыртса екен деген тілегім бар. Әрине, екінші баланы дүниеге әкелгім келеді. Сол екінші баланы дүниеге әкелу үшін барлығын жасап жатырмын. Қазір қандай мүмкіндіктер бар, барын жасап жатырмын. Өте қиын, оңай емес. Кейде "Неге босанбай жатырсың? Уақыт өтіп бара жатыр" деп сұрап жатады. Бұл ең жек көретін сұрағымның бірі. Менің ойымша, ол - бұйрық. Егер бұйырып тұрса, Алла Тағала маған сондай бақыт сыйласа, мен қуана қабылдаймын. Нешеуін береді, соншасын босанамын. Бірақ, әзірге ешқандай өзгеріс жоқ", - деді ағынан жарылған Мадина Сәдуақасова.

    "Шіркін, сол сезімді Алла маған тағы бұйыртса екен": Мадина Сәдуақасова жан сырын ақтарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.