jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Еспановсыз да таңымыз атады": Жұлдызай Дүйсенбиева елімізге танымал әншімен неліктен ұрысқанын ашып айтты

    Жұлдызай Дүйсенбиева
    Жұлдызай Дүйсенбиева. Фото: "Менің өмірім" бағдарламасы

    Өзінің алғашқы фильмін түсіріп, ел назарына ұсынған Жұлдызай Дүйсенбиева түсірілім барысында Нұрлан Еспановпен сөзге келіп қалды. Аталған видео әлеуметтік желіде кеңінен таралып, сол оқиғаға қатысты актриса алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды "Қыздар-ай" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Бұл - пиар емес, бұл шын болған жағдай. Нұрлан аға өзі жеңіл ғой. Бірдеңе айтсаң, түсінбей қаласың. Қартаяйын деді-ау сол кісі, өзіне қабылдап қалады екен. Мен ештеңе дегенім жоқ. Қайта-қайта дубльдер болып жатыр. Кейбір дубль ұзарып кетеді. Білмейміз ғой, тез түсіп кетеміз деп ойладық. Ар жағында қанша команда жұмыс істеп жатыр.

    Су шашып, соны төбеден түсіретін кранды бәленбай мыңға алып келгенбіз. Сол кран кетейін деп жатыр. Ал біз Еспановты түсіріп алуымыз керек. Ол кісі: "Тойым бар, кетем", - дейді. "Көке күте тұрыңыз, ертең маған кранды жалдау екі есе шығын болады", - дедім. Ол кісі аздап нетіп қалды... Сосын: "Еспановыз да таңымыз атып, тауығымыз шақырады", - деп айттым. Сол күні қатты суық болды. Сол кісіге суық өтіп кетті-ау", - дейді Жұлдызай.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Дүйсенбиева өнердегі ұстазы Уәлибек Әбдірайымовпен не үшін ренжіскенін айтқан болатын.

    Сондай-ақ фильм түсіруге Бағлан Әбдірайымовпен арадағы түсініспеушілік себеп болғанын да жасырған жоқ.

    "Еспановсыз да таңымыз атады": Жұлдызай Дүйсенбиева елімізге танымал әншімен неліктен ұрысқанын ашып айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.