"Даналық": ерлі-зайыптының ортасына тұрмаған Ләйлә Сұлтанқызының ісі көпшілікті сүйсінтті
Жарияланған күні:

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзімен суретке түскісі келген ер адам мен әйелдің ерлі-зайыпты екенін естіген бойда, екеуінің ортасына тұрудан бас тартты. Тележүргізушінің бұл қағидасы көпшіліктің көңілінен шыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Видеоны Ләйлә Сұлтанқызы TikTok желісіне жариялады.
Видеодан ер мен әйелдің Ләйлә Сұлтанқызымен суретке түскелі жатқанын байқауға болады. Ал тележүргізуші олардың жұбайлар екенін естіген бойда ортаға тұрып суретке түсуден бас тартып, шетке тұрды.
"Әр нәрсенің өз орны бар. Ішкі қағидам бойынша, суретке түскісі келетін отбасының, жұптың ортасына тұрып, ешқашан фотоға түспеймін. Бір үйдің адамдары әрқашан бірге жүруі керек", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Тележүргізушінің бұл ісі желі қолданушылары арасында қолдау тапты.
"Қандай керемет", "Дұрыс жасадыңыз", "Барлық нәрсе өз орнымен болу керек", "Даналық", "Парасатыңыздан айналдым", - деді желідегілер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/2018932-danalyq-erli-zaiyptynyn-ortasyna-turmagan-laila-sultanqyzynyn-isi-kopsilikti-suisintti-video/