jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Несиесін жапқан": отандық танымал әнші Қазыбек Құрайыш алғашында әндерін қарыздан құтылу үшін шығарған

    Қазыбек Құрайыш
    Қазыбек Құрайыш. Фото: instagram.com/kuraiyshev

    Отандық әнші Қазыбек Құрайыш бірнеше күн бұрын Алматы қаласында жеке кешін өткізді. Танымал әндердің иесі алғашында әнді қарызынан құтылу үшін шығарған. Бұл жайлы блогер Дәулет Исраил "Ревю" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Қазыбек алғашында әндерінің бәрін қарыздары мен несиесін жабу үшін шығарған. Анығырақ айтқанда, әндерін сатқан. Қазір өзіне жазады.

    Астанада концертте айтып берген. Несиесінің уақыты асып кетіп, төлей алмай отырған. Асханада отырып, бір ән шығарып, сол өлеңнің ақшасына несиесін жапқан. Өзі концертінде айтып береді", - деді блогер Дәулет Исраил.

    Сонымен қатар Қазыбек Құрайыштың өзі неліктен сұхбат бермейтінін ашып айтты.

    "Негізі сұхбатта не айтатынымды білмеймін. Алматы қаласында алғашқы жеке концертім. Бұйырса, қоржыным толғанда, үлкен сұхбат беруге барамын", - деді Қазыбек Құрайыш.

    Айта кетейік, Қазыбек Құрайыш қазақстандықтарға "Өзіңді аңсап", "Таптым-ау сені", "Көркемім" әндерімен кеңінен танымал.

    "Несиесін жапқан": отандық танымал әнші Қазыбек Құрайыш алғашында әндерін қарыздан құтылу үшін шығарған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.