jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Актер Алмат Сақатов ішімдікке салынып кеткен кезін еске алды

    Алмат Сақатов сұхбат барысында
    Алмат Сақатов. Видеодан сскриншот: "Уақыт көрсетеді" бағдарламасы

    Қазақстандық актер Алмат Сақатов "Базар Like" бағдарламасында ішімдікке салынып кеткен күндерін еске алды. Өнер иесі бағдарлама барысында теріс әдетке үйір болған сәттерді жасырмай айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Мен ішімдікке салынып, жұмалап ішкен жоқпын. Болса, іше саламын. Тойға келемін де, бірінші столдағы ішімдікке қарайтынмын. Тілім күрмелмей, аяққа құламай тойды жақсы жүргізетінмін. Бір тойда екі бөтелке ішімдік ішіп қоятынмын. Сондайға дейін бардық енді.

    Бірақ мен үйдің ішін шашып, сатып ішкен жоқпын. Менде бәрі өз орнында болды. Ақшаны да таптым, достарым да көп болды. Үйге де ақша беріп отырдым. Өйткені, мен ақшаны да жақсы таптым. Казиноға да бардым. Сол кезде жақсы табатын әртістер мен асабалар арасында казиноға бару сәнге айналды", - деді Алмат Сақатов.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін актер халық мүддесін қорғамайтын әншілерге шүйлікті.

    Актер Алмат Сақатов ішімдікке салынып кеткен кезін еске алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.