jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Бекем болыңыздар": Мадина Сәдуақасова Абай облысында өрттен қаза тапқан қызметкерлердің отбасына көңіл айтты

    Мадина Сәдуақасова
    Мадина Сәдуақасова. Фото: Instagram/sadvakasovamadina

    Бүгін, 12 маусым күні Қазақстанда Абай облысындағы ірі орман өрті салдарынан қаза тапқандарды аза тұту күні жарияланды. Отандық әнші Мадина Сәдуақасова төтенше жағдай салдарынан қаза тапқан 14 қызметкердің отбасына көңіл айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Бүгін - Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқандарды ұлттық аза тұту күні. XXI ғасырда, мобильді байланыс пен жаңа технологиялар дамыған заманда, бейбіт мемлекетте 14 адам орман ортасында өрттен қайтыс болды.

    Орманда өрт болып жатқанын біле тұра өрт сөндірушілерді лапылдап жатқан орманнның ортасына жібергеннен басқа шара қолданбаған ба? Эвакуацияға тікұшақ, әскери ұшақ жіберуге болмайтын ба еді? Әлде алаулаған отты 14 адам өздері сөндіреді деп ойлады ма екен? Олар демінің соңына дейін күтті ғой. Осы өртте қаза болған барлық жандар: Кешіріңіздерші бізді! Сіздерді құтқара алмадық , шырылдаған дауыстарыңызды естісек те дым жасай алмадық. Жақын туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз. Бекем болыңыздар", - деп жазды Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасында.

    Айта кетейік, осыған дейін елімізге танымал тұлғалар да Абай облысындағы өртке қатысты алаңдаушылық білдірген болатын.

    Естеріңізге сала кетейік, Абай облысында 8 маусым күні Батпаев орман шаруашылығының аумағында ағаштар өртенді. Бастапқыда өрт 0,3 гектар аумақты шарпыған. 9 маусымда Абай ауданындағы табиғи өртті сөндіру жөніндегі штаб өртті сөндіруге қатысқан "Семей орманы" резерватының 14 орман шаруашылығы қызметкерінің байланысын тоқтатқанын хабарлады.

    Сол күні із-түзсіз жоғалған үш орманшының қаза тапқаны хабарланып, 11 адамды іздеу жұмыстары жалғасты.

    Ал маусымның 10-ы күні кешке із-түзсіз жоғалған орман шаруашылығының қалған 11 қызметкерінің өлі күйінде табылғаны белгілі болды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.