jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Бәрі өзіне байланысты": Абай Бегей өзіне ән жазған сазгердің бүгінгі тағдырына пікір білдірді

    Абай Бегей
    Абай Бегей. Фото: "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасы

    Осыдан бірнеше күн бұрын танымал жұлдыздарға ән жазған сазгер көше кезіп жүрген жерінен табылған болатын. Әнші Абай Бегей сазгер Арман Қайназаровтың өзіне де ән жазғанын айтып, көмек қолын созуға дайын екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Маған әлеуметтік желіден Арман Қайназаров бауырымыз жайлы біраз видеолар келіп жатыр. Мені, әріптестерімізді сөгіп жатқандар да бар екен. Арман 2013-2014 жылдары өзі шығарған "Аңсағаным" деген әнін ұсынды. Мен алдым. Өзінің айтқан ақысын төлеп алдым. Қанша екені қазір есімде жоқ.

    Мен одан кейін Арманды көрмедім. Қазіргі жағдайын көріп уайымдап отырмын. Өмір болғасын әр түрлі жағдай болады. Басында не болғанын біз білмейміз. Жігіттер жанашырлық танытып, көмектесіп жатыр екен. Бауырларымызға Алла разы болсын!

    Арманның алдағы өміріне сәттілік тілеймін. Енді бәрі Арманның өзіне байланысты. Ішімдікті қоямын деп ниеттенсе, мен де қол ұшымды беруге дайынмын. Кімнің басында не болмайды? Түсіністікпен қарайық", - деп жазды Абай Бегей Instagram парақшасында.

    Естеріңізге сала кетейік, эстрада жұлдыздарының әндеріне сөз жазған Арман Қайназаров көше кезіп жүрген жерінен табылған болатын. Бүгінде белгілі композиторға жанашыр жандар көмек қолын созуда.

    "Бәрі өзіне байланысты": Абай Бегей өзіне ән жазған сазгердің бүгінгі тағдырына пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.