jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Әйелің де адам ғой": Тәуекел Мүсілім ер адамдардың кей ісін сынға алды (видео)

    Тәуекел Мүсілім
    Тәуекел Мүсілім. Фото: instagram.com/mussilim

    Танымал актер Тәуекел Мүсілім өзін әйелдер тәрбиелегенін айтты. "Осколки" бағдарламасына келген өнер иесі "әйел үндемеу керек" дейтін ерлерді сынға алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Мені анам тәрбиеледі. Менің айналамның барлығы әйелдер болды. Анам, тәтем және әпкем. Үш әйел мені тәрбиеледі. Мен ештеңеге өкінбеймін. Керісінше, бұл жағдай менің әйелімді көбірек түсінуге көмек берді.

    Себебі, көп ер адамдар мұндай түсінікті әлсіздік деп қабылдайды. "Әйел үндемеу керек" дейтін ер адамдарға айтарым, әйелің де адам ғой. Оның да құқығы бар. Оны да біреу тәрбиеледі. Сен де қыз тәрбиелеп отырсың ғой. Алла берген қызды жақсы көресің. Қызыңа "Сен - біреудің әйелісің. Сен үндемеу керексің" деп өсірмейсің ғой. Ешбір әке қызына бұлай айтпайды. Өйткені, қызын жақсы көріп, қорған болады. Сонымен қатар қызын өзге отбасыда сыйлағанын қалайды.

    Бірақ бұл жайлы көбісі ұмытып кетеді. Әркім өз көзқарасын қалыптастырғысы келеді. Әйелің де біреудің қызы, оны да жақсы көрді. Әйелді тура солай жақсы көріп, қорған болу керек ", - дейді Тәуекел Мүсілім.

    "Әйелің де адам ғой": Тәуекел Мүсілім ер адамдардың кей ісін сынға алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.