jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Ләйлә Сұлтанқызы Земфираға қатысты дау туралы: Ұрыстырып қойғаны жаман болды

    Ләйлә Сұлтанқызы
    Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: Instagram/sultankyzy

    Ресейлік әнші Земфира Алматы мен Астанада кеш өткізіп, кейін әлеуметтік желіде "Қазақстан" атауын кіші әріппен жазғаны үшін қазақстандықтардан кешірім сұраған болатын. Әншінің елордада өткен ән кешіне қатысқан Ләйлә Сұлтанқызы концертке байланысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Massaget.kz мәліметінше, Ләйлә Сұлтанқызы да аталмыш кешке достарының шақыруымен барған.

    "Жолдастарымның шақыруымен сол Земфираның концертіне мен де бардым. Зал лық толады. Шыны керек, сонша халық жиналады деп ойлаған жоқпын. Барыс аренаға жақындай бергеннен бастап сұмдық көлік кептелісі, әр бір метр сайын тұрған күзет, кіре алмай ұзын-сонар кезекте қысылған ығы-жығы адам…

    Сахнадан әжептәуір алыс тұрсам да, жаман дыбыс естіген жоқпын. Ортадағы фанзона мен артқы қатардағы дыбыс жер мен көктей болды дейді. Мүмкін… Былай қарасаң, бұл залдың өзі музыкалық кешке, концертке арналмаған ғой. Бірақ энергетика, драйв, атмосфера, көрерменнің ыстық ықыласын айта алмаймын. Барлық кем-кетікті ұмыттыратындай-ақ болды енді.

    Бірақ апамның шатақтау мінезін баяғыдан көбі біледі ғой. Үш адамға яғни ұйымдастырушыларға ренжіп, бәрімізді бір-бірімізбен ұрыстырып қойғаны жаман болды. UPD деп, асығыс кішкентай әріппен жазғанына, ПММЛ деп тұрғандай", - деп жазған Ләйлә Сұлтанқызы.

    Айта кетейік, ресейлік әнші Земфира 18 тамызда Алматыда, 20 тамыз күні Астанада жеке концертін өткізген. Алайда әншіге ұйымдастырушылар жұмысы ұнамаған. Сонымен қатар ол әлеуметтік желіде "Қазақстан" атауын кіші әріппен жазып, кейін оқырмандарынан кешірім сұрады.

    Ләйлә Сұлтанқызы Земфираға қатысты дау туралы: Ұрыстырып қойғаны жаман болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.