jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Солай болып қалды": Жазира Байырбекова ұлы жақсы көрмеген қызбен қосыла жылаған кезін еске алды

    Жазира Байырбекова
    Жазира Байырбекова. Фото: instagram/zhazira_bairbekova

    Әнші Жазира Байырбекова ұлы Қазбекке қыз таңдауда қандай кеңес беретінін айтты. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында ұлы жақсы көрмей қалған арумен қосыла жылаған кезін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Қазбекке "Ашық-шашық киінген қыздан қорықпа. Оның жан-дүниесі жақсы болуы мүмкін. Денесіне татиуровка салған қыздан да қорықпай-ақ қой. Ондай қыздар да жақсы болуы мүкін. Жасы ұлғайған сайын адамның ұяты келеді. Жабынады. Сен кімді жақсы көресің, мен соны жақсы көрем" дедім. Енді менің ойымша, сәті түспей жүрген шығар", - деді Жазира Байырбекова.

    Сонымен қатар әнші ұлы таныстырған қызбен қосыла жылағанын еске алды.

    "Баяғыда бір қызымен танысқан болатынмын. Ол кезде Қазбек бала. Ол қызды Қазбек жақсы көрмей қалды. Мен сол қызбен қосылып жыладым. Содан кейін Қазбек "Қыздармен қосылып жылайтын болсаңыз, мен ешқандай қызбен таныстырмаймын. Үйленетін кезде ғана таныстырамын" деді. Солай болып қалды", - деді әнші.

    Айта кетейік, әнші Жазира Байырбекова бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр.

    "Солай болып қалды": Жазира Байырбекова ұлы жақсы көрмеген қызбен қосыла жылаған кезін еске алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.