jitsu gif
Шоубиз

    Айжұлдыз Адайбекова: Үйге келін келсе, құл секілді қарайды

    Айжұлдыз Адайбекова
    Айжұлдыз Адайбекова. Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

    Актриса Айжұлдыз Адайбекова жаңа түскен келінге байланысты қоғамда қалыптасқан стереотип жайлы айтты. Өнер иесі "Оян" бағдарламасында келінге қатысты қағидаға пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бағдарлама мәліметіне сүйенсек, Адайбекова театрда бағын сынап, қойылымда кенже келіннің рөлін ойнаған.

    "Меніңше, кейіпкерімнің мінезі өзіме сәл ұқсас. Бірақ ол маған қарағанда позитивті тұрғыда. Ал мен шын өмірде өте салмақты адаммын. Сондықтан бұл жағдайдан шығып жатырмын. Ерекше, күшті сезім.

    Өкінішке қарай, бұл әлемде стереотип көп. Үйге келін келсе, оны робот немесе құл секілді қарайды. Меніңше, бұл дәстүр, қағида бірте-бірте жойылуы керек. Қазақта "Еңкейгенге - еңкей. Шалқайғанға - шалқай" деген жақсы сөз бар", - деді Айжұлдыз Адайбекова.

    Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекова мен мобилограф Қыран Талапбек қысқа уақыт бірге тұрды. Олардың бүгінгі таңда ортақ ұлы бар.

    Мобилограф Қыран Талапбек биылғы жылы екінші рет шаңырақ көтерді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.