jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Шетелден бала күтуші жалдаған Жәния Джуринская көпшіліктің сынына қалды (фото)

    Жәния Джуринская
    Жәния Джуринская. Фото: instagram.com/djurinskaya

    Актриса Жәния Джуринская жақында екінші сәбиін дүниеге әкелмек. Өнер иесі тұңғышына шетелден бала күтуші жалдап, көпшіліктің сынына ілікті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Актриса Instagram парақшасында бала күтушіге айына 900 доллар төлейтінін айтты.

    "Біз бала күтушісін іздеу үшін және оның шетелдік құжаты мен ұшып келуі үшін агенттікке 2 млн теңге шамасында төледік. Ал ай сайынғы жалақысы 900 доллар", - деп бөлісті Джуринская.

    Ал осы жазбасынан кейін актрисаны оқырмандары сынға алған.

    "Құтырған екенсің", "Тым қымбат", "Қазақстанда қазақ табылмады ма?", "Осы жақтан іздеген оңай емес пе?", - деп пікір білдірді.

    Жәния Джуринская
    Жәния Джуринская. Скриншот: instagram.com/djurinskaya

    Актриса Джуринская осы жағдайға байланысты желіде пікір білдірді.

    "Мені біреулер "құтырған" дейді. Біреулер "Керемет. Балаңыз ағылшын тілінде сөйлейді" дейді. Мен үшін бұл қалыпты жағдай. Филиппиндік бала күтушінің алдында менің екі бала қарайтын көмекшім болды. Одан бөлек тағы үй жинайтын көмекшім болды. Бала күтушінің жалақысын естіп, мені сөгіп жатқандар бар.

    Үш адамның орнына бір адам жалдау мен үшін 50 мың теңгеге ғана қымбатқа шықты. Мен осылай өмірімді жеңілдеттім", - деді Жәния Джуринская.

    Шетелден бала күтуші жалдаған Жәния Джуринская көпшіліктің сынына қалды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.