jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Мадина Сәдуақасова өзін сынайтын хейтерлерге жауап берді (фото)

    Мадина Сәдуақасова
    Мадина Сәдуақасова. Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

    Әнші Мадина Сәдуақасова өзін сынайтын көпшілікке жазба арнады. Өнер иесі Instagram парақшасында алдағы уақытта тек дұрыс сынды ғана қабылдайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Маған бір рет болса да жағымсыз пікір жазған жандардан "Не үшін жағымсыз пікір жаздыңыз?" деп сұрағым келеді. "Мадина осы уақытқа дейін біреуіне де кері жауап қайтармады. Тіпті, қара тізімге салмады" деп, тоқтамай теріс пікір жазатындар бар.

    Құрметті, менің хейтерлерім! Өміріңіздегі сәтсіздікке, ашулануыңызға әнші Мадина Садуақасованың еш қатысы жоқ. Соның бәрін сізді ренжіткен адамға айтыңыз, жеңілдейсіз! Болмаса, менің парақшамнан шығып кетіп, теріс пікір жазатын басқа адам табыңыз. Ал мен парақшамда өзімді қолдайтын, шығармашылымды жақсы көретін, құрметтейтін, жаны ашитын, кейде дұрыс сын айтатын жақсы адамдардың қалғанын қалаймын", - деп жазды әнші.

    Ал желі қолданушылары әншінің бұл жазбасына түрлі пікір қалдырған.

    "Өте дұрыс", "Парақшаңа сенің мүсініңді көру үшін емес, шығармашылығыңды сүйіп келгенбіз. Сау бол", "Ұят нәрсені ұят деп айтамыз", "Тек өтірік мақтай беру керек пе?", "Адамның жүрегі қандай, ауызынан сондай сөз шығады".

    "Ерінбей қалай жазады екен?", "Қара тізімге салып отыра берсеңізші", "Сұлулығыңызды қызғанатын шығар", "Шығармашылық адамның жүрегі нәзік болады. Оны көбісі түсінбейді", - деп жазды желідегілер.

    Мадина Сәдуақасова өзін сынайтын хейтерлерге жауап берді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.