jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Еркекшора қыздардың жан дүниесін көрсетеді": Әбдірайымов актриса Дариға Бадықованың фильміне пікір білдірді

    Дариға Бадықова, Олжас Абай
    Дариға Бадықова, Олжас Абай. Фото: instagram.com/dariga_badykova

    Әнші Бағлан Әбдірайымов актриса Дариға Бадықованың көпшілікке ұсынған алғашқы туындысына пікір білдірді. Өнер иесі NEGE.KZ сайтына берген сұхбатында "Таптым-ау сені" фильмі жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әнші Олжас Абай мен Дариға Бадықова түскен фильмнен өрескел ештеңе байқамағанын жеткізді.

    "Екі актердің творчестволық тандемі еркекшора қыздардың жан дүниесін көрсетеді. "Кім болса да, бақытты болуға лайықты" деген тақырып ашылған. Кино сонысымен ерекшеленеді. Фильм ауылда түсірілген екен, қаладағы көрініс аз.

    Сол себепті нағыз қазақы көрермендер үшін тамаша картина деп ойлаймын. Фильмнен өрескел ештеңе байқамадым", - деді Бағлан Әбдірайымов.

    Айта кетейік, Дариға Бадықова осыған дейін көпшілікке отандық фильмдер арқылы танылған актриса. Өнер иесі қазіргі уақытта продюсерлікті қолға алып, көпшілікке "Таптым-ау сені" фильмін ұсынды. Фильм қазіргі таңда кинотеатр арқылы көрерменге жол тартты.

    "Еркекшора қыздардың жан дүниесін көрсетеді": Әбдірайымов актриса Дариға Бадықованың фильміне пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.