jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Қазір заман бөлек": Дина Төреәлі бала тәрбиесіне қатысты ақыл айтқандарға шүйлікті

    Дина Төреәлі күйеуі мен ұлымен
    Дина Төреәлі күйеуі мен ұлымен. Фото: Instagram/tattti_kyz

    Жақында ғана тұңғышын дүниеге әкеп, алғаш рет ана атанған Дина Төрелі желіде өзіне бала қарауға қатысты ақылын айтқан жандарға шүйлікті. Блогер ару кеңес берушілерге әлеуметтік желіде жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Желі қолданушылары жас анаға желіде түрлі ақыл-кеңесін айтып, оның ашуын тудырған. Оқырмандардың бірі Дина Төреәліге кішкентайын қолға үйретіп алмауын ескерткен.

    "Екі ай толмаған балада қайдағы қолға үйренген? 9 ай құрсақта өзін қауіпсіз жерде сезініп, мына әлемге келген бөпе құшақ іздейді емес пе? Қолға үйреніп кетпесін деп қалай баланы шырыдатып қоясыздар осы? Жылап, жылап өзі қояды дейтіндер де аз емес. Сосын баласы ашушаң болса неге олай дейді", - деп жазды блогер ару.

    Дина Төреәлі әркім өз баласына ненің дұрыс екенін білетінін алға тартты.

    "Менің оқырмандарым арасында оқымаған педиатр, психолог, бала қараудан эксперт мамандар да бар екен. Әркімнің баласы өзі үшін. Әр ана өз баласына ненің дұрыс екенін біледі, жүрекпен сезеді. "Бұрында біз бүйттік" дейтіндерге баяғы заман сол баяғыда қалды. Қазір заман тым бөлек", - деп жазды ол.

    Дина Төреәлінің Stories-i
    Дина Төреәлінің Stories-i. Скриншот: Instagram/tattti_kyz

    "Қазір заман бөлек": Дина Төреәлі бала тәрбиесіне қатысты ақыл айтқандарға шүйлікті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.