jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Кімнің шамына тигенін түсінбеймін": Тамара Асар жақында алған марапатын сынағандарға жауап берді

    Тамара Асар
    Тамара Асар. Фото: instagram.com/tamara_assar_official

    Әнші Тамара Асарға жақында Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы "Хыйуаз Доспанова" атындағы медальді табыстаған болатын. Өнер иесі NEGE.KZ сайтына сұхбат беріп, марапат үшін көпшілік айтқан сынға пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Осыған дейін Тамара Асар қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында жария етіп, өзіне құрмет көрсетіп, медаль табыстаған жандарға алығысын айтты.

    "Мені "батыр қыз деуші халқым, маңдайыма нағыз батыр қыздың атындағы медаль бұйырды. Атырау облысы ардагерлер кеңесінің шешімімен Халық қаһарманы және қоғам қайраткері, офицер ұшқыш Хыйуаз Доспанова медалімен марапатталдым.

    Хыйуаз апамдай қан майданның батыры болмасам да, жүрегіммен халқымды сүйіп, басым жерге жеткенше, халқыма арнаған әніммен, сәніммен, ата-анамнан алған тәлім тәрбиеммен, ұрпағыма дұрыс жол көрсетсем, абыроймен үлгі болсам, сол мен үшін бейбіт күннің батырлығы", - деп жазған болатын әнші.

    Алайда әншінің бұл марапатты алуы көпшілік арасында сынға түскен.

    "Ештеңе оқыған жоқпын және ештеңе айта алмаймын. Әркім әр түрлі пікір айта береді ғой. Маған берді ме, беруі керек болған шығар. Ешкімге ешқандай уәж айтпаймын. Халық өзі береді, халық өзі алады.

    Бұл – халықтың ішінен шыққан марапат. Ал мен халыққа қарсы ештеңе айта алмаймын. Не айтса да, дұрыс. Бұл - мемлекеттік награда емес. Кімнің шамына тиіп жатқанын түсінбеймін?!

    Басын иіп, кеудеме төсбелгіні түйреген қарттың өзі сексеннен асқан адам екен. Сондықтан әкемдей адамға "Кешіріңіздер, мен бұған лайық емеспін" деп бетін қайтара алмаймын ғой", - деп жауап берді Тамара Асар.

    "Кімнің шамына тигенін түсінбеймін": Тамара Асар жақында алған марапатын сынағандарға жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.