jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Білімге ұмтылыңдар": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас қыздарға ақыл айтты

    Мөлдір Мұқанова студияда қонақта
    Мөлдір Мұқанова. Фото: "Мамский әңгіме" бағдарламасы

    Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі Мөлдір Мұқанова желіде жас қыздарға жазба арнап, олар ақыл-кеңесін айтты. Ол аруларды білім мен мәдениетке ұмтылуға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мөлдір Мұқанова қазақ қыздары қашанда қайсарлы болғанын алға тартты. Ол әйелдер қауымы жұмысты да істеп, үй шаруасын да дөңгелете алатынын айтты.

    Әзілкештің әйелі аруларға білім алудың маңыздылығын түсіндіріп өтті.

    "Қазақ әйелі" дегенде бірден қайсарлық сөзі ойға оралатындай, иә? Тарихтан небір хас сұлу, небір дана, парасатты, өр рухты әйелдер өтті ғой. Бірақ, өкінішке орай "қазақ әйелі оқымаған, отбасы, ошақ-қасының адамы" деген түсінікті сол кездің саясаты әбден сіңірді. Қазақ азаматтарымен қатар, білімге, ғылымға, өнер мен мәдениетке ұмтылған қыздарымыз аз болмаған ғой негізі.

    Сондай асыл сүйекті, төзімді, көреген аналардың тұяғы болғаннан кейін де қазақ әйелі қай салада болмасын өзін таныта алады, үй шаруасын да дөңгелетеді, бәр-бәріне шамасы жетеді. Өйткені бұл біздің ұлттық жадымызда, кодымызда бар дүние. Сырғалы сіңілдерім, қыздар, білімге, мәдениетке ұмтылыңдар. Сонда қай жерде болмасын қадірлі боласың! Текті аналардың ізбасарлары сендер екендеріңді ұмытпаңдар, тектіліктеріңді жоғалта көрмеңдер", - деп жазды Мұқанова Instagram парақшасында.

    "Білімге ұмтылыңдар": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас қыздарға ақыл айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.