jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Енді ешқашан келіспеймін": Нышанбек Жұбанаев "Миллион" командасымен болған дауға пікір білдірді

    Нышанбек Жұбанаев "Миллион" КВН командасымен
    Нышанбек Жұбанаев "Миллион" КВН командасымен. Видеодан кадр: Youtube/NTK ENTERTAINMENT

    Қазақстандық танымал актер Нышанбек Жұбанаев "Миллион" КВН командасымен арада болған келіспеушілікке қатысты пікір білдіріп, бар шындықты айтты. Өнер иесінің сөзінше, бұның барлығы "Жездуха" фильмі шығар алдында арнайы ойластырылған пиар қадам болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Миллион" КВН командасы шын мәнінде белгілі актермен арада ешқандай жанжал болмағанын айтып, бұл дүние "хайп" үшін жасалғанын растады.

    "Ол хайп болды. Ешқандай араздасып, ұрысқан емеспіз. Шындығын айта берейік, фильм шығар алдында ел аузында кішкене тақырып болайық деген ниетпен жасадық. Бірақ ондай дүние бізге жақпайды екен. Нышанбек ағамыздың көптеген жағымсыз пікірге қалып кетуіне себепкер болып қалдық. Кешірім сұраймыз", - деді Қанат Тасхан "Revue News" бағдарламасында.

    Нышанбек Жұбанаев та аталмыш даулы жағдайға пікір білдірді. Ол енді мұндай пиар қадамға ешқашан келісімін бермейтінін айтты.

    "Амалсыз келістім. Жігіттердің көңілін қимадым. Көбісі "ақша берді ма?" деп жатады. Ақша берген жоқ. Көңілмен келісе салғам ғой. Енді мұндай бәлеге ешқашан келіспеймін. Бәлесінен аулақ", - деді актер.

    "Енді ешқашан келіспеймін": Нышанбек Жұбанаев "Миллион" командасымен болған дауға пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.