jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Жігіттік намыс бар": Заңғар Нұртас 5 мың теңге үшін көше ұрысымен төбелесіп қалды

    Қайрат Нұртас пен Заңғар Нұртас
    Қайрат Нұртас пен Заңғар Нұртас. Фото: instagram.com/zangaar

    Әнші Қайрат Нұртастың кенже інісі көше ұрысымен төбелесіп қалған. Блогер REVUE NEWS бағдарламасында келіспеушіліктің 5 мың теңгеден басталғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Еш жерде айтпадым. Бірақ көп адам сұрап жатыр. Көшеде біреу менен ақша сұрайды. Келіспеушілік болып, төбелесіп қалдым. Сосын қолымды сындырдым.

    Менен 5 мың теңге сұрайды. "Жарайды" деп, мен қолма-қол ақша берем. Алдымен шотыма аударатынын айтқан. Сәлден соң "Бір айналып келші" дейді. Осыдан соң төбелес басталды. Мәселе - 5 мың теңгеде емес, жігіттік намыста. Мен үндемей кетсем, үйге барып, қалай тыныш ұйықтаймын?", - деді Заңғар Нұртас.

    Еске сала кетейік, продюсер Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы Заңғар Нұртас былтыр қараша айында қайта шаңырақ көтерді. Алматы қаласында өткен өнерлі отбасының қуанышына шоу-бизнес жұлдыздары жиналып, жас келіннің бетін айтыскер Жандарбек Бұлғақов ашты.

    Заңғар Нұртастың таңдауы шымкенттік аруға түскен.

    Тойда кеш қонақтарына салмағы 13 келі болатын бес қабатты торт ұсынылды.

    Маманның айтуынша, тортты дайындауға бір ай уақыт кеткен. Ал зәулім тәттінің бағасы жеңілдікпен 300 мың теңгеге шыққан.

    "Жігіттік намыс бар": Заңғар Нұртас 5 мың теңге үшін көше ұрысымен төбелесіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.