jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Ұлан екеумізді айырып жіберді": әнші Балжан Бидаш тележобада футболшымен өнер көрсетпейтінін айтты

    Балжан Бидаш пен Ұлан Қонысбаев
    Балжан Бидаш пен Ұлан Қонысбаев. Фото: instagram.com/konysbayev7

    Әнші Балжан Бидаш "Егіз-лебіз" жобасында енді қазақстандық футболшы Ұлан Қонысбаевпен бірге ән салып, өнер көрсетпейтінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әншінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Егіз-лебіз" тележобасында көпшілікке ұнап үлгерген жұп - әнші Балжан Бидаш пен қазақстандық футболшы Ұлан Қонысбаев.

    "Егіз-лебізде Ұлан екеумізді айырып жіберді. Яғни, бүгін басқа жұппен шығамын", - деп жазды әнші.

    Оқырмандардың көбіне бұл жаңалық ұнамаған сияқты.

    "Қызғанған болар керемет жұпты", "Ұлан жобадан кетіп қалды ма?", "Жеңіп кетпесін деді ме?", "Өмірде ажырамаңдар", - деп жазған желі қолданушылары.

    Балжан Бидаш сторизінен
    Балжан Бидаш сторизінен. Скриншот: instagram.com/bidash_official

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.