jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Қиын қыстау, қилы заманда": айтыскер ақын Сырым Әуезхан танымал әнін сынағандарға жауап берді

    Сырым Әуезхан
    Сырым Әуезхан. Фото: instagram.com/syrym_auyezkhan

    Айтыскер Сырым Әуезханның "Біргеміз" атты әні қазіргі таңда су тасқыны жайлы видеоларға қойылып жүр. Ақын елде болған түрлі қиындық пен апаттық жағдайларға қойылатын бұл әнін сынағандарға "1001 түн" бағдарламасында жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Желі қолданушылары "Біргеміз" әнін осыдан кейін орындаудан алып тастауды әзіл ретінде ұсынған.

    "Бұл видеоларды көрдім. Еш ренішім жоқ. "Біргеміз" деген ән пандемия кезінде елге рух беру, біріктіру мақсатында шыққан болатын. Ешқандай жаман ниет жоқ. Соңғы уақытта сынақтар көбейіп, соның барлығына осы әнді қолдана бергесін, осындай әңгіме шықты деп ойлаймын. Бұл осы әннің жақсы шыққанының нәтижесі деп ойлаймын. Патриоттық ән көп қой. Бірақ видеоның табиғатын ашатын, елді біріктіруге шақыратын болғасын шығар.

    Бірақ осы ән біреудің телефонынан шықса, "Тағы не боп қалды екен" деп шошитын болдым. Әнді "Құрту керек" деп жатқандар бар. "Елді біріктіретін керемет ән" деп жатқандар да бар. Елге рух берудің сәті түскен сияқты. Осы әннен шаршасаңыздар, елге жаңа ән шығарамыз деп уәде беріп жатырмыз. Бұйырса, Жандарбек Бұлғақов екеуміз орындап қалуымыз мүмкін. Елдің ұсынысын ескеріп, керемет ән шығарамыз. Әнші шығарғанда елге таралсын деген мақсат болмады. Карантин кезінде, 1-1,5 сағат ішінде жазылған ән", - деді Сырым Әуезхан.

    "Қиын қыстау, қилы заманда": айтыскер ақын Сырым Әуезхан танымал әнін сынағандарға жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.