jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Үкімет деген жай ғана аты": танымал құлсарылық блогер су тасқынына қатысты жанайқайын айтты

    Ахон Бержан
    Ахон Бержан. Видеодан кадр: Instagram/ ahonberzhan

    Танымал блогер Ахон Бержан су басқан өңірлерге қатысты жанайқайын айтты. Құлсарыда туып-өскен ол туған жерінің хал-ахуалына алаңдайтынын жеткізді.

    Ахон өз пікірін Instagram парақшасында жариялады.

    "Бұл қалада жұмыс жүріп жатыр, білетін шығарсыздар. Жұмыс жүргенімен, мына судың қанша уақыттан кейін кететінін белгісіз. Енді ойлаңыздаршы, су кеткеннен кейін қалаға қаншама нәрсе қажет болады. Дәл осы жағдайда бәрі бір-бірінен жаман тұсын іздеп бастап жатыр. Біресе әкімдік кінәлі, біресе техника кінәлі деп кете береді. Қазір ондай жағдайда емеспіз.

    Мен өзім осы қалада туып-өскенмін. Әкемнен ең соңғы рет қала 1993 жылы суға батты дегенді естіп жүрдім. Содан кейін қайталанып тұрған су тасқыны осы", - деді ол видеода.

    Блогер Құлсарыға қатысты айтары көп екенін де жасырған жоқ.

    "Халықтан ақша жинағым келмейді, онсыз да несиеде отыр. Халыққа есепті блогерлер беріп жүрген шығарсыздар. Бірақ үкімет емес. Үкімет деген жай ғана аты. Үкіметтің қалтасындағы ақша сіз бен біздікі(халықтікі). Ол ақшамызға көз жұмып, өз қалтамыздан шығарып жатқанымызды естен шығармайық.

    Әр нәрсенің сұрауы Бар! Көздерің ашық, көкіректерің ояу болсын қазағым. Сіз бізге, біз сізге тірекпіз", - деді ол видео астындағы жазбада.

    "Үкімет деген жай ғана аты": танымал құлсарылық блогер су тасқынына қатысты жанайқайын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.