jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Елге қызмет етіп жүр": Атырауда бөгет салуға көмектесіп, қапшық тасыған итке жұрт сүйсінді

Атырауда бөгет жасауға көмектескен ит
Атырауда бөгет жасауға көмектескен ит. Видеодан кадр: ТЖМ

Атырауда бөгет жасауға көмектесіп, құм салынған қапшықты тасыған итке жұрт сүйсінді. Тұрғындарға жәрдемдескен үй жануарының видеосы желіде тарап кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Instagram желісінде жарияланған видеода иттің әрекетіне сүйсінгендер көп.

"Атырауда бөгет жасауға иттің өзі көмектесуде", - деп жазылған видео сипаттамада.

Желі қолданушылары иттің бұл қылығына сүйсініп, белі ауырмасын деп жанашырлық білдріген.

"Олар бәріне түсінеді, тек тілі жоқ демесең", "Марапаттау керек", "Махамбет ауданы, Сарытоғай селосы Пшөн атты ит", "Міне, иесіне адал қызмет етті деген осы, бүкіл елге қызмет етіп жүр", "сен туралы фильм түсіретін болар", "Бел кетсе де, Атырауым кетпесін деп тұр", "Кейбір адамдардан ит саналы болып тұр", - деп жазды пікір қалдырғандар.

Qazaqstan арнасына берген сұқбатында ит иесі Талап Қажімов Пшөн атты төбетті 3 жылдан бері асырап отырғанын айтты. Оның сөзінше, кейінгі 3-4 күн ит бөгет салып жатқан жерге иесімен бірге барып жүр екен.

"Итіміздің адамға зияны жоқ. Артымыздан қалмайтын төбет. Не айтсам да, орындайды. Сол күні жолдасыма көмектескен ғой. Біз қап тасысақ, айналшықтап жүреді. Жүк ауыр емес, бос қапшықтар салынған қап болған ол жерде", - деді атыраулық Талап Қажімов.

"Елге қызмет етіп жүр": Атырауда бөгет салуға көмектесіп, қапшық тасыған итке жұрт сүйсінді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.