jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Ұлан екеумізді бірге көрмейсіздер": Балжан Бидаш футболшыға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

    Балжан Бидаш пен Ұлан Қонысбаев
    Балжан Бидаш пен Ұлан Қонысбаев. Фото: instagram/ bidash_official

    Отандық әнші Балжан Бидаш футболшы Ұлан Қонысбаевқа қатысты мәлімдеме жасады. Эстрада жұлдызы өз сөзін Instagram парақшасында жариялады.

    Өнер иесі Ұлан Қонысбаевпен бірге отандық жобадан шығып қалғанын айтып, көпшіліктің үмітін ақтай алмағаны үшін кешірім сұрады. Сондай-ақ ол тыңдарман енді өзін футболшымен бірге көрмейтінін атап өтті.

    "Әлі түсінбей жатқандар бар екен. "Егіз-лебіз" жобасынан біз шықтық. Енді Ұлан екеумізді бірге көрмейсіздер", - деп жазды әнші.

    Балжан Бидаштың парақшасында жоба мақсаты екеуін әдемі жұп ретінде көрсету болғаны да айтылады.

    "Бұл - шоу! Жоба екеуін әдемі жұп ретінде көрсеткісі келді. Ол жүзеге асқандай, өйткені бұл жұптың көрермені көп болды", - делінген жазбада.

    Сөз соңында Балжан Бидаш футболшыға алғыс айтты.

    "Ұлан, жарайсың. Жасыл алаңнан сахнаға жарқ етіп кіре салдың, бұл да ерлік! Алдағы жетістіктерің көп болсын!", - деді ол.

    "Ұлан екеумізді бірге көрмейсіздер": Балжан Бидаш футболшыға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.