jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Хабарласқан жоқ": әнші Kalifarniya Дариға Бадықоваға әнін не себепті бермегенін айтты

    Kalifarniya
    Kalifarniya. Фото: Youtube/NTK ENTERTAINMENT

    Жастар арасында кеңінен танылған әнші Kalifarniya Дариға Бадықованың фильміне не себепті әнін бермей қойғанын түсіндірді. Сөзінше, актрисаның өзі оған жеке хабарласпаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Дариға Бадықова бір сұқбатында өзіне әнін бермеген әншілерге ренішін жеткізген болатын. Олардың арасында Kalifarniya да бар еді.

    "Kalifarniya-ның да бір әнінің мелодиясын қосқымыз келді. Ол бір миллион теңгеге сатамын деді. 15 секундтық музыкаға бір миллион теңге төлей алмайтынымды айттым. Қалталы продюсер емеспін", - деді актриса.

    Алайда Kalifarniya өнердегі әпкесі нақты өзіне хабарласпағанын айтты.

    "Маған ешкім хабарласқан жоқ. Өзі сөйлесіп, жағдайды түсіндіргінде берер ме едім. Ол кісі менің командамдағы адамдарға хабарласқан шығар. Сосын олар да жұмысын атқарып, әннің бағасын айтқан. Өйткені олар сол арқылы жалақы алып отыр. Егер ол кісі жеке өзіме шығып, таныстырғанда "ала беріңіз" деп айтушы едім. Беруім де мүмкін еді, бермеуім де мүмкін. Адам болғасын құбылып кетесің. Тіпті, ол кісімен сөйлесіп, араласып көрмеппін. Былай айтқанда, танымаймын. Одан кейін Жахан Отарғалиев жеке нөмеріме хабарласып, әнімді фильміне сұрады. Сол бойда бере салдым. Өйткені өнердегі ағам, жерлесім. Байланысымыз бар", – деді әнші "Taboo" бағдарламасында.

    "Хабарласқан жоқ": әнші Kalifarniya Дариға Бадықоваға әнін не себепті бермегенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.