jitsu gif
Шоубиз

    "Сіңлім, асықпашы": Балжан Бидаш бейтаныс жігітпен көзге түсті (видео)

    Балжан Бидаш бейтаныс жігітпен
    Балжан Бидаш бейтаныс жігітпен. Видеодан кадр: Instagram/bidash_official

    Қазақстандық танымал әнші Балжан Бидаш желіде жаңа видео жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Бейнежазбада өнер иесі бейтаныс жігітпен көзге түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Балжан Бидаш белгісіз ер азаматпен түскен видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда ер адамның әнші аруды қолынан сүйреп алып кетіп бара жатқанын көруге болады.

    Бейнежазбада шоу-бизнес жұлдызы түрлі қызғылт түсті образдарды паш еткен.

    "Жоқ, жоқ. Қазір бармаймын", - деген жазба қалдырды Балжан видео астында.

    Желі қолданушылары өнер иесін бейтаныс азаматпен көріп, бірден қызу талқыға кірісті. Оқырмандар Балжан Бидашқа тұрмысқа шығуға асықпауын сұрады.

    "Тағы да тұрмысқа шыққың келіп жүр ма?", "Енді тұрмыс құрып қажет емес секілді", "Барби", "Қуыршақ өзі", "Осылай жарқырап жүре берші", "Бақытты бол, сұлу қыз", "Құлпырып жүре бер", "Тұрмысқа шығуға асықпаңызшы", "Қасындағы жігіт кім болды екен?", "Жаным сіңлім, асықпашы, өтінемін", - деп жазуда көпшілік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.