jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Енді маған жазбаңыз": Сәдуақасова желіде жасын сынап жатқандарға жауап берді

    Мадина Сәдуақасова
    Мадина Сәдуақасова. Фото: Instagram/sadvakasovamadina

    Қазақстандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова желіде жасын сөз етіп, сынайтындарға жауап берді. Өнер иесі іштегі от лаулап тұрса, жастың ең маңызы жоқ екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мадина Сәдуақасова күні кеше әйгілі Николь Шерзингердің концертіне барып, 45 жастағы әлемдік жұлдызға тәнті болып қайтқан.

    Отандық эстрада жұлдызы әріптесіне қарап, көпшілікті жас мәселесін қозғамауға шақырды.

    "Енді маған пікір жазбаңыздар. "Жасыңа қарасайшы", "Апа болдың", "Қоя ғой" дегенді қойыңыздар. Николь Шерзингер 1978 жылғы. Кеше от концерт болды! Николь Алматы Аренаны шайқады! Іштегі от лаулап, жанып тұрса жастың еш маңызы жоқ. 79-78 дер қайдасыңдар", - деп жазды Сәдуақасова.

    Шоу-бизнес жұлдызы Instagram-дағы парақшасында аталмыш концерттен видео жариялады.

    "Енді маған жазбаңыз": Сәдуақасова желіде жасын сынап жатқандарға жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.