jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Аянышты көрінуге тырысады": Жазира Байырбекова құмар ойынға қатысты ойын айтты

    Жазира Байырбекова
    Жазира Байырбекова. Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

    Отандық эстрада жұлдызы Жазира Байыбрекова құмар ойынға қатысты ойын айтты. Ол лудомандар қателігін ешқашан мойындамайтынын да тілге тиек етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жазира Байырбекова әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған мәселені Instagram желісіндегі парақшасында көтерді.

    "Негатив жазғым келмейді. Бірақ қаншама отбасы зардап шегіп отырған мәселе. Бірі айтса, бірі үнсіз басынан өткеріп жүр. Құмар ойын ойнау ауру ма, әдет пе білмеймін. Құмар ойын ойнайтын адамдардың белгілері қандай? Олар қоя ала ма? Мен білетін ондай адамдар (кімнің атында болса да) үй, көлік, жер – бәрін ойынға салған.

    Әлі де ерік берсең, сала бермек. Олар үнемі айналасына шағымданып жүреді. Оларға берген көмек суға ағып кеткендей болады. Олар қателігін мойындамайды. Аянышты көрінуге тырысады", - деп жазды әнші.

    Өнер иесі мұны тек құмар ойынға тыйым салу арқылы тоқтатуға болатынын айтты. Байырбекова депутаттар аталған мәселені 2 жылдан бері шешуге күш салып жүргенін де жеткізді.

    "Аянышты көрінуге тырысады": Жазира Байырбекова құмар ойынға қатысты ойын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.