jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Абысыным бірден бөпелі болды": Сара Тоқтамысова тұрмыс құрған кезін еске алды

    Сара Тоқтамысова
    Сара Тоқтамысова. Фото: Instagram/sarkanai

    Отандық танымал айтыскер ақын Сара Тоқтамысова алғаш келін болып түскен кезін еске алып, тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес берді. Өнер иесі ақ келін атанған аруларға орынсыз сұрақ қояйындарға шүйлікті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Сара Тоқтамысова тұрмыс құрған соң тек төрт жылдан кейін ғана ана атанған. Айтыскер ақын басынан өткен сынақ туралы Instagram-дағы парақшасында айтып берді.

    Өнер иесі өзінен кейін келген абысыны бірден бөпелі болғанда оған қатты қызыққанын жасырмады.

    "Ермұхамед біз отау құрғаннан 4 жыл өткеннен кейін дүниеге келді. Сол 4 жыл әлі есімде. Өзімнен кейінгі түскен абысыным бірден бөпелі болғанда қатты қызықтым. Баласын бауырына басып отырған сәтте іштей алай-дүлей боласың. Көрген адам "Көтердің бе?" деп сұрай береді. Дәрігерге барамын қайталана беретін анализдер береді. Жылаймын. Ешкімге білдіртпеймін", - деп жазды Тоқтамысова.

    Сонымен қатар ол көпшілікті жаңа түскен келіндерге орынсыз сұрақ қоюдан аулақ болуға шақырды.

    "Жалпы жаңа түскен келін көрсеңіз, "Көтердің бе?" деп онсыз да жаны жаралы адамның жарасына тұз сеуіп, сізге қатысы жоқ сұрақ қоюдан аулақ болыңыз. Тұрмыс құрмай жүрген қыз көрсеңіз,"Күйеуге қашан тиесің?" деген сұрақ қоймаңыз. Сізге білінбегенімен, ол адамға бәрбір қиын. Жетіскеннен бала таппай жүрген жоқ. Жетіскеннен күйеуге тимей жүрген жоқ", - деп жазды өнер иесі.

    Сара Тоқтамысованың Stories-i
    Сара Тоқтамысованың Stories-i. Скриншот: Instagram/sarkanai

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.