jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Дәлел фото-видео бар": Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі желіде жанайқайын жеткізді

    Нұрила Ақберген
    Нұрила Ақберген. Фото: Instagram/nurillaakbergen

    "Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрила Ақберген сұқбатынан кейін желіде өзін сынап жатқан көпшілікке жауап берді. Блогер өзін қорлатудан шаршағанын айтып, бұдан былай өзін барынша қорғайтынын алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғанын айтқан сұқбатынан кейін Нұрила Ақбергенді де сынға алғандар табылды. Ғабит Бибасыұлының бұрынғы келіншегі Instagram-дағы парақшасында азулы жазба жариялап, жанайқайын жеткізді.

    Сонымен қатар әншінің экс-әйелі көпшілікке көрсетер дәлелі де бар екенін айтты.

    "Қашан әйелді ақымақ етіп, өзі ақылды болған еркекті көрдіңіздер?! Мен оны 6,5 жыл бойы көрдім! Шыдауға міндетті емеспін! Айтуға құқылымын! Қорлатпаймын! Қорлатудан шаршадым! Мен өзімді қорғаймын. Ақталуға міндетті емеспін! Бірақ, маған қара күйе жағудан шаршамасаңыздар, менде дәлел фото-видео бар", - деп жазды блогер.

    Айта кетейік, Ғабит Бибасыұлы бұрынғы әйелі Нұрила Ақбергенннің сұқбатынан кейін желіде үлкен сынға ұшырады. Әншінің экс-келіншегі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғанын айтып, жұлдызды күйеуі өзіне қол көтергенін жеткізді.

    Алайда Нұрила Ақбергеннің сөздерін "Меломеннің" әншісі Қайрат Мырзаханов жоққа шығарып отыр. Ол желіде жазба жариялап, әріптесі Ғабит Бибасыұлына қолдау білдірді.

    Ғабит Бибасыұлы өзіне қатысты даулы жағдайға алғаш рет пікір білдіріп, бұрынғы әйеліне үндеу жасады.

    "Дәлел фото-видео бар": Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі желіде жанайқайын жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.