jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда бір әнді бірнеше әншіге сатты деген күдікпен ер адам ұсталды

    Күдікті
    Күдікті ұсталды. Фото: polisia.kz

    Алматы полициясы бір әнді бірнеше әншіге сатты деген күдікпен ер адамды ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

    Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі ақпаратынша, 30 жастағы ер адам ұжымдық арызбен жүгінген бірқатар музыканттарға қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

    "Азаматтардың арызынан белгілі болғандай, 30 жастағы Ы. есімді азамат, өзін композитормын деп таныстырып, бөтен адамның туындысын бірден бірнеше орындаушыға сатып жіберген. Күдікті ұсталды. Оның әрекеті ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен квалификацияланған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

    Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

    Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандық бір топ әнші жалған композиторға алдандық деп мәлімдеген еді. Зардап шегушілер сол кезде шығын көлемі 10 миллион теңгеден асуы мүмкін деген болатын.

    Алматыда бір әнді бірнеше әншіге сатты деген күдікпен ер адам ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.