jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Жігіттің 95-і": танымал трендті қайталаған Шахизада қызу талқыға түсті

    Шахизада
    Шахизада. Фото: instagram.com/shahizada.art

    Әлеуметтік желіде танымал трендті қайталаған Шахизада қызу талқыға түсті. Көпшілік сәннен қалмай, видео түсірген әншіні сынап тастаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Эстрада жұлдызы бейнежазбаны TikTok желісіне осыдан бірнеше күн бұрын жүктеген. Ол трендке айналған әзілді қайталап, "жанармайдың 95-і, жігіттің 95-і деп қоясың ғой" деп жазған.

    Мұны көрген көпшілік әншіні әбден сынады.

    "Әжеммен құрдас қой", "Жас жігітті не қыласың?", "Баласымен жасты ғой", "Трендті түсіретін де адам болады ғой", "Әшейін жаза салған шығар", - деді жұрт.

    Желі оқырмандарының арасында Шахизаданы қолдағандар да табылды.

    "Әзілдесе, жамандауға дайын тұрамыз", "Өзі біледі ғой", "Әрдайым позитивті көңіл күймен жүреді", "Құрметіңізге рақмет"- деді олар.

    "Жігіттің 95-і": танымал трендті қайталаған Шахизада қызу талқыға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.