jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Ұрғанын жақсы білесіздер": Нұрила Ақберген өзін сынаған "Меломен" жігіттеріне жауап берді

    Нұрила Ақберген
    Нұрила Ақберген. Видеодан кадр: Youtube/Kozqaras podcast

    Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрила Ақберген өзін" хайп жасап жатыр" деп сынға алған "Меломен" тобының жігіттеріне жауап берді. Блогер ару күйеуінің өзіне қол көтергенін олар білетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Нұрила Ақберген желіде өзін қаралаған күйеуінің достарына өкпе-ренішін айтты. Сөзінше, олардың әйелдері де бұл жағдай жөнінде хабардар.

    "Жігіттер, ол ұрмадым деген жоқ. Ол бұл ісімен мойындап тұр. Мені шындығымды айтақыным үшін кінәлап тұр. Сіздер бәрін білесіздер. Кезінде Ғабиттің ұрғанын жақсы білесіздер. Оған тіпті "Хабиб" деп ат қойып, әзілдегендеріңізді де білемін. Сол үшін ұялыңыздаршы. Ұяттың да шегі болады. Басқалай қорғаңыздар. Шындықты біле тұра жасырып, зорлық-зомбылықты қолдау - нағыз ұят осы. Қазақ жігіттері дегенге келмейді.

    Олардың әйелдері менің шекемнің ісіп жүргенін көрді. Көлсайға баратын болып, жиналып жатқанда Ғабит екеуміз сөзге келіп, сол кезде де таяқ жедім. Соны әйелдері біледі. Сол кезде ғана оның қол көтеретінін айттым. Оған дейін айтпағанмын. Енді маған қара жағулары ессіздік. Ұялу керек", - деді Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі "Көзқарас" подкастында.

    "Ұрғанын жақсы білесіздер": Нұрила Ақберген өзін сынаған "Меломен" жігіттеріне жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.