jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Жанымда бол деп айтар едім": Мөлдір Әуелбекова жазбасымен елді қызықтырып қойды

    Мөлдір Әуелбекова
    Мөлдір Әуелбекова. Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

    Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова жақында жарыққа шыққан "Жанымда бол" әнінен үзінді жариялап, желіде ерекше жазба қалдырды. Өнер иесінің сөздері елді ойландырып қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мөлдір Әуелбекова бұл жолы тағы да жеке өмірі туралы айта кетті. Өнер иесі бұл әннің сөздерін сүйіктісіне айтқысы келетінін жасырмады. Алайда өнер иесі ғашығын әлі де жолықтырмаған екен.

    "Мен дәл қазір жігітіме "Жанымда бол!" деп айтар едім! Бірақ, ол әлі жоқ", - деген жазба қалдырды ол Instagram-дағы парақшасында.

    Желі қолданушылары өнер иесінің бұл сөздерін қызу талқылап, түрлі пікір білдірді.

    "Екі рет тұрмыста болып, жігітім жоқ деп айту ұят секілді", "Мен бұл сөздерді ұлыма айтар едім", "Жүректерге иман нұры құйылсын. Армандар орындалсын. Биыл шынымен мәңгілік жанымда бол дейтіндей азаматқа тән иманды жігіт бұйырсын", "Бізді алдап қоятын сияқты. Мөлдірдің сүйіктісі бар секілді", "Махаббат тақырыбын көп қозғап жүр. Соған қарағанда ғашығын жолықтырған-ау", - деп жазуда көпшілік.

    "Жанымда бол деп айтар едім": Мөлдір Әуелбекова жазбасымен елді қызықтырып қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.