jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Неше күннен бері түсіме кіріп жүр": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін есіне алды

    Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуімен
    Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуімен. Фото: Instagram/ sultankyzy

    Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде жазба жариялап, соңғы кезде өзін мазалап жүрген жайт туралы айтты. БАҚ өкілі марқұм күйеуі бірнеше күн бойы түсіне кіріп жүргенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ләйлә Сұлтанқызы Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен тілдесіп, соңғы кездері марқұм жолдасы түсіне жиі кіріп жүргенін айтты. Соған орай тележүргізуші жеті шелпек пісіріп, күйеуінің әруағына құран бағыштаған.

    "Неше күннен бері Қайрекең түсіме кіріп жүр. Неге екенін білмеймін. Бүгін жеті шелпек пісірдік", - деп жазды БАҚ өкілі.

    Ләйлә Сұлтанқызының Stories-i
    Ләйлә Сұлтанқызының Stories-i. Скриншот: Instagram/sultankyzy

    Сонымен қатар Ләйлә Сұлтанқызы ұл тәрбиесі туралы пікірін айтты.

    "Ұлдар өскен сайын іште басқаша сезім. Өз қалаулары, жоспарлары бар, приоритеттері басқа, баяғыдай қолынан ұстап жетектеп кете салмайсың. Қартайғанда мені сүйрейтін болса деп армандап қоямын. Негізі "қартайғанда мені асырау керек" деген міндет артқанды ұнатпаймын", - деп жазды тележүргізуші.

    Еске сала кетейік, 2022 жылы қарашада Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы Қайрат Беркінбаевтың қайтыс болғаны белгілі болды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.