jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Енді ұл туып, бақытты бол": Жұлдызай Дүйсенбиева ұл тумаған әйелдерді кінәлайтындарға жауап берді

    Жұлдызай Дүйсенбиева
    Жұлдызай Дүйсенбиева. Видеодан кадр: "1001 түн" бағдарламасы

    Қазақстандық танымал актриса әрі әзілкеш Жұлдызай Дүйсенбиева әйелдерді ұл тумағаны үшін кінәлайтын ер адамдарға үндеу жасады. Өнер иесі қазіргі қоғамда "ұл баланы дүниеге әкелу - бақыттың шыңы" деп есептейтіндерге шүйлікті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жұлдызай Дүйсенбиева ұл туған әйелді ғана бақытты адам деп санау дұрыс емес екенін айтты. Актрисаның сөзінше, тіпті өзінің оқырмандары да оған ұл бала туып алуға кеңес береді.

    "Маған жеке парақшама кейбір кісілер, "Енді бір ұл туып, бақытты болыңызшы" деп жазады. Ұлым жоқ болғаны үшін мен бақытсыз екенмін. Ұл да, қыз да – перзент. Құдай кімді берсе, соны аласың. Сол дүниені түсінбеймін. Ұл туу – бақыттың шыңы. Ұл туған әйелді бақытты етіп қойған. Мен үшін ауыр ұғым. Мен ұл тусам ғана бақытты екенмін. Бір қызым болса да, мен бақыттымын. Жиен мен немерені де бөлгенін қаламаймын. Ұл тумадың деп еркектер әйелдерін кінәлайды. Тіпті сол үшін ажырасып жатады екен. "Еркектен еркек туады" деген қайдан шыққан қағида", – деп күйінді өнер иесі "Мамский әңгіме" подкастында.

    "Енді ұл туып, бақытты бол": Жұлдызай Дүйсенбиева ұл тумаған әйелдерді кінәлайтындарға жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.