jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Әйелдің жауы әйел": Абай Бегейдің келіншегі өзін сынағандарға жауап берді

    Абай Бегей әйелімен
    Абай Бегей әйелімен. Фото: Instagram/fari___za____zhan

    Отандық танымал әнші Абай Бегейдің әйелі Фариза Жұманова көмекші алып жатқаны үшін өзін сынға алған қыз-келіншектерге жауап берді. Блогер желіде азулы жазба жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фариза Жұманова Instagram-дағы парақшасында өзіне көмекші іздеп жатқанын айтып, арнайы хабарландыру жариялаған болатын. Алайда блогердің бұл әрекеті кейбір оқырмандарына ұнамай қалған көрінеді.

    Фариза Жұманова бірнеше сыни пікірлерден соң әйелдер қауымына үндеу жасады. Ол көреалмаушылықты қойып, керісінше барынша қолдау көрсетуге шақырды.

    "Ойпырмай, қанша адамды бұғаттап тастадым. Не болды сонша көре алмай көмекші алғанымды? Жылайын ба, күлейін бе? Жұрттың қатыны мен келіні дым жасамай жатқанына сонша ашулы әйелдер. Әйелдің жауы әйел.

    Қыздар, келіншектер бұл әлемде онсызда жаманшылық жетерлік, ең болмаса біз бір-бірімізге қолдау көрсетейікші! Бір-біріміздің аяғымыздан шалмайықшы! Мысалы, кешегі ұтыскерді айтайық. Ол үйде отырған 4 баланың анасы, күйеуі күні-түрі құрылыста жұмыс істейді. Мешітте отырған жерінен алла сый етіп, 8 миллион теңге бере салды. Соның өзінде "дұрыс қуанбады" деп тағы сол баяғы әйелдер қауымы жеп барады. Бұйырған нәрсе кетпейді, біреу үшін қуана білудің өзі қуаныш емес пе?! Мұны не үшін айтып отырмын? Бір әйел өзіне көмекке адам жалдаса, тамаша емес пе? Күйеуі сондай мүмкіндік берсе, бәрекелді емес пе? Сол әйел үшін қуанайықшы! "Бізге де күйеуіміз көмекші алып берер" деп", - деп жазды Абай Бегейдің келіншегі.

    Фариза Жұманованың Stories-i
    Фариза Жұманованың Stories-i. Скриншот: Instagram/fari___za____zhan

    "Әйелдің жауы әйел": Абай Бегейдің келіншегі өзін сынағандарға жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.